about us icon Біз туралы

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №2"

diagnostika photo

№2 Шымкент қалалық емханасы – алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және консультациялық-диагностикалық көмекті қоса алғандағы амбулаториялық-емханалық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымы.
1999 жылдың 10 маусымында №320 бұйрығы және 2013 жылдың 8 қазанындағы № 282 “МКҚК қайта құру” ОҚО әкімшілігінің қаулысы негізінде «№2 Шымкент қалалық емхана» амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін мекеме болып құрылды. 2011 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен емханаға жүкті әйелдерді есепке алып және бақылау үшін акушериялық-гинекологиялық бөлімше және 2014 жылы балалар емханасы қосылды. Қазіргі уақытта №2 Қалалық емханасы: Абай даңғылы, 35 (№1 ғимарат: жалпы тәжірібиелік учаскелерде жəне бір салада қызмет атқаратын мамандар), Абай даңғылы, 24 (№2 ғимарат: балаларға бір салада қызмет атқаратын мамандар, физ. кабинет), Абай даңғылы, 16 (№3 ғимарат: учаскелік педиатриялық мамандар мен жалпы тәжірібиелік дәрігер2-бөлім) орналасқан.
Емханада медициналық көмек барлығына қолжетімді болуын қамтамасыз ету және оның заманға сай болуы, яғни емделушінің алтын уақытын бағалау және емделушілерге бар мүмкіншілікті жасау мақсатында құрылған «Электронды тіркелу», «Кезексіз емхана» сияқты автоматтандырылған жүйелерін енгізу және жүзеге асыру жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізілуіне үлкен ықпал жасауда. Мамандардың жаңа технологиялық бағдарламаларды жоғары деңгейде меңгеруіне, қызметкерлердің білімін үнемі жетілдіріп отыруына үлкен мән беріледі. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында емханада цифрландыру жұмыстары жүйелі түрде іске асырылуда. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде, емделушілерге қолжетімді, сапалы медициналық қызмет уақытылы көрсетілуде.
Бүгінгі таңда №2 Қалалық емхана Шымкент қаласының алдыңғы қатардағы емханалардың бірі болып табылады. №2 Шымкент қалалық емханада заманауи технологияларға сай медициналық диагностикалық аппараттар қолданылыды. Емханада ересектер мен балаларға амбулаторлық емханалық медициналық көмекті негізгі мамандықтар бойынша көрсетеді. Емханада 350 аса адам жұмыс iстейдi, оның ішінде 108 дәрігер, 230 орта медициналық қызметкер. Көпфункционалды, жаңа үлгідегі емханада жұмыс істеу медициналық қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды талап етеді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберіндегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек 13 педиатриялық, 32 жалпы тәжірібиелі учаскелерде жүргізіледі.
Қабылдау және консультациялар айғақтар бойынша: кардиолог, невропатолог, хирург, инфекционист, офтальмолог, онколог, маммолог, эндокринолог, уролог, ревматолог, ортопед, аллерголог, оториноларинголог, акушергинеколог, психолог, рентгенолог, дерматовенеролог, гастроэнтеролог, фтизиатр, әлеуметтік қызметкерлер көмек көрсетуде. 1 РВШИ, 2 лицея №3, № 4, 8 мектеп, 11 ДДУ, № 2,6 мүгедектер үйі қызмет аумағында орналасқан Жоспарлы және нақты бір ауысымда 650 келушінің емханасы болып табылады. Жаңа үлгідегі медициналық техника мен жабдықтардың арқасында емханада жаңа бөлімшелер мен кабинеттер ашылды.
Емханада көрсетілетін медициналық көмектің сапасы әрдайым жоғарылауда және негізгі көрсеткіштердің нәтежиесі жақсаруда. Сонымен қатар, ана мен бала өлімін болдырмау мақсатында алдын алу жұмыстары алға қойылған. Өкпе-құрт және қатерлі ісік ауруларының ерте анықтау жұмыстары жолға қойылып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №2"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, пр. Абая, 35

polic-2@mail.ru

phone icon 39-72-16
Приемная
phone icon 39-72-23,
39-72-24
Регистратура
phone icon 39-06-85, 39-72-25,
8 (705) 556-57-26
Служба поддержки пациентов
phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 39-72-21
Вызов на дом