about us icon О нас > Адембаева Нурбике Абдурасиловна

Руководство

head doctor photo

Адембаева Нурбике Абдурасиловна

Главный врач

Акушер-гинеколог

Задать вопрос Руководителю

Адембаева Нурбике Абдурасиловна, 1966 жылы 10 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Көксәйек ауылында дүниеге келген. 1983 жылы туған жеріндегі 8 март атындағы орта мектебін бітірді. 1986 жылы Астрахань медицина институтына түсіп, 1993 жылы аталған институтты «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдады. 1993 жылы Шымкент қалалық №2 бірлескен ауруханасында «Акушер-гинеколог» мамандығы бойынша интернатурадан өтті.

Алғаш еңбек жолын 1993-1998 ж. аралығында Шымкент қалалық №2 бірлескен ауруханасында акушер-гинеколог болып бастап, мұнан соң №2 Шымкент қалалық перзентханасында 2011 жылға дейін акушер-гинеколог қызметін атқарды. 2011 жылы Шымкент қалалық №2 емханасына акушер-гинеколог қызметіне ауыстырылды. 2012 жылы акушерия-гинекология бөлім меңгерушісі, ал 2018 жылы бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды, 2018 жылдан бастап 2020 жылғы қыркүйек айына дейін ана мен бала денсаулығын қорғау ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.

Адембаева Нурбике Абдурасиловна 2016 жылдан бастап «Акушерия және гинекология» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты тағайындалып берілді. 2020 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистр дәрежесі берілді.

Адембаева Нурбике Абдурасиловна №2 Қалалық емханасының бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалған күннен бастап, өзінің білікті маман екендігін көрсете білді.

Денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін 2016 жылы «Ұстаз жолы» қоғамдық қоры атынан «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2020 жылы «Ауғанстан ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің шешімімен «Алтын жүрек» медалімен марапатталды. Және де қалалық денсаулық сақтау басқамасы атынан, емхана әкімшілігі атынан бірнеше рет «Алғыс хат», «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Тұрмыста, 2- ұл, 2-қыз тәрбиелеп отыр.

Время приёма граждан: Ежедневно 15:00-17:00

Контакты

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №2"

Адрес:

Email:

РК, г. Шымкент, пр. Абая, 35

polic-2@mail.ru

phone icon 39-72-16
Приемная
phone icon 39-72-23,
39-72-24
Регистратура
phone icon 39-06-85, 39-72-25,
8 (705) 556-57-26
Служба поддержки пациентов
phone icon 1414
Единый контакт-центр
phone icon 39-72-21
Вызов на дом